«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-11-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудиті шеңберінде аудиторлық ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша аудитті жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша міндетті жыл сайынғы аудит бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен жүзеге асырылады.

 

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 7-12-баппен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7-12-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі:

1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;

2) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылған жағдайда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге енгізеді;

4) жергілікті атқарушы органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне кедергісіз барады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізуге құқылы;

6) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-13-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының өкілеттіктері

1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасын жəне оны ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау;

3) тəрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, дене шынықтыру жəне спорт, əлеуметтік қызмет көрсету жəне отбасын əлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

4) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасына жəне оны ерте анықтауға, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

5) мемлекеттің кəмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық жəне қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

6) уəкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасыларға жəне мынадай:

орта білім беру ұйымдары мен техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында жəне əлеуметтік педагогтерінде тəуекел тобында тұрған балаларға, оның ішінде зорлық-зомбылық жəне қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті, суицид жасауға əрекет ету фактілері бар кəмелетке толмағандарға, сондай-ақ педагогикалық қолдап отыру шеңберінде баса назар аударуды талап ететін балаларға;

отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары қолдап отырған;

кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралған;

баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде зорлық-зомбылық жəне қатыгездікпен қарау салдарынан) бұрын болған;

тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жəне оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтар анықтаған;

кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс əсер ететін ата-аналары, заңды өкілдері бар балаларға көмек ұйымдастыру жəне жеке профилактика шараларын қолдану;

7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған балаларға алты айда кемінде бір рет ұдайы бару жəне олардың жағдайын бағалау;

8) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кəсіби отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау жəне оларға қажетті көмек көрсету мақсатында ұдайы бару арқылы алты айда кемінде бір рет балалардың жағдайын мониторингтеу жəне бағалау;

9) кəмелетке толмағандарға қатысты жасалған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді жəне оны қолдап отыруды ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;

10) кəмелетке толмағандар болатын білім беру, денсаулық сақтау жəне халықты əлеуметтік қорғау, мəдениет жəне спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз бару;

11) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы жəне оны ерте анықтау мəселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-14-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-14-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органы қызметкерінің мəртебесі

1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органы қызметкерінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адам ретінде ерекше мəртебесі болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалардың құқықтарын қорғау саласында кəсіптік қызметті жүзеге асыру жəне тиісті мекемемен еңбек қатынастарында болу кезеңінде адам Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының қызметкері мəртебесіне ие болады.

2. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының қызметкерлері əрбір екі жыл сайын біліктілігін арттырудан өтуге міндетті.

Біліктілікті арттырудан өту тəртібін, мерзімдерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайды.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-15-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-15-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органы қызметкерінің киімі

Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының қызметкері белгіленген үлгідегі киіммен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тегін қамтамасыз етіледі.

Белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету тəртібін жəне оны киіп жүру қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайды.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-16-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-16-бап. Ішкі істер органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері

Ішкі істер органдары балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-17-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-17-бап. Білім беру органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері

Білім беру органдарының өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) орта білім беру ұйымдары мен техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға бармайтын, сондай-ақ осындай ұйымдардың педагог-психологтары мен əлеуметтік педагогтерінде тəуекел тобында тұрған кəмелетке толмағандарға, суицидтік ниеті, суицид жасауға əрекет ету фактілері бар кəмелетке толмағандарға, педагогикалық қолдап отыру шеңберінде баса назар аударуды талап ететін балаларға қатысты өз құзыреті шегінде оларды анықтауға қатысу, есепке алуды жүргізу жəне жеке профилактика шараларын жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органын осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген фактілер туралы дереу хабардар ету;

3) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-18-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-18-бап. Денсаулық сақтау органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балаларды қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері

Денсаулық сақтау органдары өз құзыреті шегінде жүкті əйелдерге, жаңа туған нəрестелерге жəне бес жасқа дейінгі балаларға патронаждық барудың əмбебап прогрессивті моделін жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органына отбасы мен балаға көмек көрсетуді ұйымдастыру, жеке профилактика шараларын жүргізу үшін əлеуметтік қауіп-қатердің анықталған жағдайлары туралы ақпарат береді.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-19-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-19-бап. Халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту ұйымдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері

Халықты əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту ұйымдарының өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) қатысты, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы ақпарат болған жағдайларда, оларды анықтау, есепке алуды жүргізу жəне жеке профилактика шараларын жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органын осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген фактілер туралы дереу хабардар ету;

3) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 7-20-баппен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-20-бап. Балалардың құқықтарын қорғауға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері

Өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органын балалардың құқықтарын бұзушылық, балаларға қатысты əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері мен қауіп-қатері туралы дереу хабардар ету;

2) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.

2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.

3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:

1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;

2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;

3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттік қолдау;

4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;

5) біліктi медициналық көмек көрсету;

6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;

7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.

4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуінe зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы

Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.

 

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.

2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен), жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.

 

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.

2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.

 

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.

 

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретіндегі тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Әрбір баланың заңнамада белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде, Ұлттық пошта операторында салымдары болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және зияткерлік меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденуге және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысы немесе материалдық көмек ретінде мемлекет бөлетін ақшаны баланың атына банктерге және (немесе) Ұлттық пошта операторына салуға құқылы.

3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.

Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.

3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

 

2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды

14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету

1. Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді;

3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын-жайының сақталуын қамтамасыз етеді.

Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітетін үлгілік шарт негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады.

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есепке жазылуға жатады.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайының сақталу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.

3. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

15-бап. Баланың білім алуға құқығы

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Әрбiр баланың білім алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға кепiлдiк берiледi.